Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне себеп болған жаппай төбелесті полиция тексеріп жатыр.
Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.
Құтарыс және Оймауыт ауылдарында көрші орналасқан жастар бастапқыда ватсап мессенджері арқылы бір-бірін келемеждеп, артынша “атысты” белгілеген. Төбелеске екі жақтан жиырма шақты жасөспірім қатысыпты.
“Басты айыпталушы – 17 жастағы бала. Оған адам өлтірді деген емес, адам өліміне себепші болған ауыр дене жарақатын салды деген айып тағылуда. Және басқа балаларға да бұзақылық үшін айып тағылды. Екі айға санкция берілген, бірақ заң бойынша олардың барлығы кәмелетке толмағандар болғандықтан кепіл ақы бойынша босатылды. Тексеру жүріп жатыр”, – деп хабарлады Сайрам ауданының тергеу судьясы Салтанат Қабылова.