Қытай халқы бейбітшілікті бағалайды және ешқашан агрессор болмайды. Алайда ешкімге де өз жеріне қол сұғуға жол бермейді. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.
“Қытай халқы бейбітшілікті сүйеді, біз ешқашан да агрессор болмаймыз және өзге елдер есебінен жерімізді де кеңейтпейміз. Бірақ біз ешбір адамға, ұйым немесе саяси партияға Қытайдың бір тілім жерін де, қалай болсын, қашан болсын тартып алуға жол бермейміз”, – деді ел басшысы Қытай Халық-азаттық әскерінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанантты шарада. Сонымен бірге, ол ел тәуелсіздігі, қауіпсіздігі мен даму мүддесіне қайшы әрекеттерге Бейжіңді шыдап отырғызбайтынын айтады.