Музарт тобының солисті Мейрамбек Беспаев жасөспірімдердің ортасында үлкен танымалдылыққа ие атышулы Ninety One тобына қатысты өз пікірін білдірді. Оның сөзінше,топ мүшелері көшеде емін-еркін жүре алмайды. Себебі, көргенде оларды ұрғысы келетіндер жоқ емес.
Бұл туралы ол “Жұлдыз ТВ” арнасына берген сұхбатында айтты.
Сонымен қатар, ол өз танымалдылығының жақсы жақтарында айтып өтті.
https://kaz.365info.kz/zhalanashtardy-khyrtamyn-mejrambek-bespaev-ne-dejdi-273992
“Танымалдылықтың әртүрлісі бар ғой. Құдайға шүкір, танымалдылығым көп жерде көмектесті. Гаи-де, ұшақпен ұшарда құжатымды ұмытып кетіп, оған түсіністікпен қарап жататындар көп. Мысалы, ауруханаға жатқанда елдер танып, көп көмек көрсетіп жатты. Білемін, келесі палатада танымал емес бір адам жатыр, оған дұрыс қарап жатпағанын.
Дүкенде кезексіз өткізіп жіберетін кездер, жанармай құярда тегін беріп жіберетін танымалдылықтың осындай әдемі сәттері бар. Әуелі Аллаға, одан ұстазыма, қара домбырама рақмет”, – деп әзілдеді ол.