Ақбота Сейітмағамбет актер Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққалы алғаш рет ресми түрде сұхбат берді. Ол Дәуреннің отбасылы екенін білгенін және біле тұра жүргенін айтты.
Бұл туралы ол Gakku арнасына берген сұхбатында айтты.
“Біздің махаббатымыз «Гламур для дур» фильмінен басталды.
Негізі Дәурен отбасылы болды, оны өзім де білдім.
Ол екі отбасын асыраймын дегендей болған, бірақ екі әйел алуға қарсы болды. Заң бойынша ажырасқан, қазір бала-шағаларымен араласып тұрады”, – дейді әнші.
Дәурен екі отбасын асырап отырған соң, оның жағдайына қарап үлкен тойды кейінге қалдырғанын да айтты.
«Біз шариғат бойынша некемізді қидық. Үйде кішігірім құдалық пен ұзату рәсімі өтті. Бірінші жұбайынан үш баласы болғандықтан, оларға да қарап үлкен тойды шегере тұрдық», – дейді Ақбота.
Бұл мақала ВК-дағы „Атамның басы-ай„ тобында талқыланып жатыр.