Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, республиканың солтүстік, орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, – деп хабарлайды Қазгидрометтің метеоқызметі.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында,Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.