Қазақ тілі туралы әзіл айтамын деп басы дауға қалған Азамат Мұсағалиев қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
“Құрметті достар! Бауырлар! Қазақ ағайындар! Бұл әзілді түсіргенде, қазақ тілін кемсіту немесе мазақ ету ойда да болмаған.
Әзіл, кейбір қазақ тілін түсінбейтін қазақ адамдары жайында, ал ондайлар өкінішке қарай, бар.
Яғни, сол персонаждың рөлін сомдадым. Сіздер мені түсінеді деген ниетпен жазып отырған жайым. Шын мәнінде маған бәрібір болса, мән бермей, бәрін өшіріп тастап жүре беретін едім. Сондықтан, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын! Ізгі ниетпен, Ресейде жүрсе де, жүрегі қазақ деп соғатын Азамат Мұсағалиев!”,
— деп жазыпты Мұсағалиев қазақ тілінде инстаграмдағы парақшасында.