«Қазақ» деген атпен интернеттегі белгілі сауда-саттық алаңында тіркелген адам қатырған екен.
Өзінің тауарына хабарландыру беріп, оның астына:
(Қазақтар қазақша сөйлесін, қазақша білетін орыстар қазақша сөйлесін, басқаларына кінә жоқ 😉
деп сүйкей салыпты.
Шынымен де, біздің елде хабарландыру бойынша хабарласқандардың ең алдымен орысша шүлдірлеуі әдетке айналып кеткен. Мына кісі соны байқап, бірден ескерткен болса керек.
Егер барлық хабарландырудың астында осындай ескерту тұрса, Қазақстандағы қазақтар мен қазақша білетін орыстар шынымен де қазақша сөйлесіп кетер ме еді?
Ал бұл патриоттың қандай тауар сатып жүргені қызық болса, айтайық. Автокөлікпен велосипед тасымалдауға арналған арнайы құрылғы сатады екен.
Оған бір мезетте жалпы салмағы 60 келіге дейінгі 3 велосипед сияды, оны кез-келген көлік түріне орнатуға болады, дейді.
Былай қарасаңыз, шынымен де, керек нәрсе.
https://kaz.365info.kz/jelimdi-satam-figurasy-zha-sy-degen-habarlandyru-shy-ty-225883