“14 шілде күні сағат 16:12-де Меркі ауданының жедел жәрдем қызметіне Сыпатай батыр ауылы маңындағы автожолда бірнеше автокөліктің соқтығысқандығы жөнінде ақпарат түсті”, – деп мәлім етті ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері анықтағандай, “Mercedes-Benz” көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші бірінен соң бірі үш көлікті соққан, олардың бірі жол-патрульдік полициясы батальонының қызметтік машинасы болып табылады.
Жол апаты салдарынан 1962 жылы туған әйел мен 2015 жылы дүниеге келген қыз бала оқиға орнында мерт болды. Үш жолаушы мен “Mercedes-Benz”-тің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. ІІД-нің ақпаратына сәйкес, аталмыш факті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дереккөз: nur.kz