Қытайда сауда орталықтарының бірінде дүкен аралауды ұнатпайтын, алайда, жұбайларына серік болуға мәжбүр ер кісілерге арналған бокс-кеңселер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БЕЛТА агенттігінің жазуынша, ойын-сауық бөлмелерін Шанхайдағы сауда орталығы ойлап тапқан.
Дегенмен, келешекте оған белгілі бір ақы қойылуы мүмкін. Бөлмелер ер адамдардың бірінің көңілінен шығып жатса, біреулер оның тарлығы мен желдеткіштердің болмауына қынжылыс білдіруде.
Атап өтілгендей, қытайлық әлеуметтік желілерде аталмыш бокстарға қатысты қалжыңды жазбалар шыға бастады.