Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

«Қызымды қытайға күйеуге берем». Баян Есентаева тағы не дейді (видео)

155

Сондай-ақ Баян Есентаева 20 мың данамен шығарған кітабым жазуда коммерциялық мүдде болғанын да жасырмады.

– Мен таза альтурист емеспін ғой. Әрине, коммерциялық мүдде болды. Менің өмірімді талқылауға қызығушылық көп екен, неге оны да пайдаланбасқа?.. Дегенмен, кітабым – ең бірінші кезекте қоғамға берген менің жауабым бұл.

Мен тоқал болуға өлсем келіспес едім

Сұқбат кезінде Баян Мақсатқызы темекі шегетінін мойындап қалды.

– Үндемесем, демек келіскенім ғой. Бірақ бізде ұят нәрселерді айтуға болмайды. Алайда ол орын алып жатады. Мысалы, мен көп тоқалдарды білемін. Оны бәрі біледі, бірақ қоғам оны дұрыс қабылдайды. Бұл қоғамдағы қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалы, мен оған келіспес едім. Басымнан аяғыма дейін ақшама көміп тастаса да…

Көп бала тумағаныма қатты өкінем

– Мені мүсіркеудің де, мені жек көрудің де қажеті жоқ. Өйткені тағдыр мені қажетті деңгейде жазалады деп ойлаймын. „Оған бұл аз„ деп айтатындар, қайдан білсін менің не көргенімді. Мұны ешкімнің басына бермесін. Бұл – менің өмірім, бұл – менің сабағым, бұл – менің сынағым.

Менің бір өкінішім бар. Ол – көп бала тумағынымда. Көп бала тууыма мүмкіндік болды, бірақ оны мен пайдалана алмадым. Сол үшін қатты өкінем.

Мысалы, қазір менің екі емес, төрт қызым болса, қазіргіден де әлдеқайда бақытты болар едім. Үлкенім алыста, оны сағынып жүрмін, құшақтап, еркелеткім келеді. Кішім де есейіп қалды. Бақыт деген балада ғой негізі…

Егер тағдыр мені мәжбүрлесе немесе өмірдің ағыны мені сондай таңдауға әкеліп соқса, онда мен баланы асырап алар едім. Әзірге, ол туралы ойлап көрмеппін…

… Мысалы, менің қызым қытайлықты, немісті, французды немесе қазақты сүйіп қалса, онда мен махаббатқа жақтасар едім. Мен ешқашан ешқандай ақша үшін тоқал болмаймын”, – деді Баян Мақсатқызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз