«Қазгидромет» РМК бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр, найзағай ойнайды, жел күшейеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыста бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының кей желерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, күндіз Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Күндіз Алматы облысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады.
Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғары.