Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Денсаулық сақтау министрлігінің шенділері парамен ұсталды

Осындай күдікпен Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің жетекшісі Қажынова З.Ш.,

фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас маманы Имамходжаев П.Т.,

фармация комитетінің бас сарапшысы Ибраева Д.К. ұсталды.

Олар тәжірибе сертификатын беріп, заңсыз түрде ақша алған.

Сонымен қатар пара бергені үшін “Зерде” ҮЕҰ” ЖШС атқарушы директоры Жүзбаева Э.М. ұсталды.

Ұлттық бюроның мәліметінше, аты аталған тұлғалар пара алумен қоса, кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек аясында сатылып алынған медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын арттыру жолымен бюджет қаражатын ұрлады деп күдікке ілініп отыр.

Сот шешімімен Пак, Қажынова, Имамходжаев және Жүзбаева тұтқындалып, Ибраева үйқамаққа алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз