Жапонияның Кюсю аралында жауын мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті.
Тағы 30-ы із-түзсіз жоғалғандар санатында деп хабарлады Би-би-си агенттігі.
Ал Фукуока мен Оита префектурасының 2 мыңға жуық тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшіріліп, уақытша баспаналарға орналастырылды.
Жергілікті арналардың хабарлауынша, бүгін аймақта жауын-шашын одан әрі күшейеді. Метеорологтар мұнда сел жүру қауіпі бар екенін ескертіп жатыр. Жапон билігі табиғаттың тосын мінезінен келетін шығын көлемін азайтып, зардап шеккендерге жәрдем беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.