“Еуропа лигасына” іріктеу кезеңінің алғашқы раундында Қазақстанның үш клубы жарысты жалғастыру үшін тартысады.
Бүгін Астананың уақытымен кешкі 21:00-де қазақтың ордасы — Шымкент қаласының “Ордабасы” клубы Алматының орталық стадионында босниялық “Широки Бриег” дейтін клубпен кездеседі.
Сырт алаңда өткен алғашқы ойында 0:2 есебімен ұтылып қайтқан қандастарымыз қалайда есе қайтарады деп сенеміз.
Стадионға бара алмаған жанкүйерлер үшін KazSport арнасы бұл ойынды тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.
Ойынды көріп, қазақ клубына жанкүйер болуға тырысыңыз! Теледидары жоқ, бірақ интернеті бар адамдар трансляцияны KazSport арнасының сайтынан да көре алады.
Сондай-ақ, 23:00-де Болгарияның Русе қаласындағы футбол алаңына “Дунав” пен Павлодардың “Ертісі” шығады. Павлодардағы алғашқы кездесуде біздің “Ертіс” 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Бірақ көңіл күпті.
Ертістің ойынын тікелей эфирде YouTube-тегі ПФЛК-ТВ арнасы көрсетеміз деп отыр.