Hunan телеарнасының weibo әлеуметтік парақшасында пайда болған ақпаратқа сүйенсек, Димаш Хунань провинциясындағы су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан Mango V қорына 300 мың юань (14 миллион теңге) көлемінде ақша аударған. Димаш аталған провинцияда өткен «Singer» байқауы арқылы әлемге танылғанын атап өтіп, ондағы зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді өзінің азаматтық парызы деп санайтынын жеткізген.
Ал Димаш Хунань провинциясына қарасты Чанша қаласында өткен «Singer 2017» байқауында жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап, әлемге танылды.
Дереккөз: Stan.kz