Айлық жауын-шашынның мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында нормадан көп, республиканың қалған аймақтарында – нормаға жуық және аз болады деп болжануда.
Ауа температурасы батыста түнде 15…20 жылы, күндіз 30… 35 жылы, еліміздің солтүстік, шығыс және орталықтарында түнде 13…18, күндіз 28…33 жылы, оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батысында түнде 20…28, күндіз 35…40 жылы болады деп күтілуде.
Мерекелік демалыс (6-9 шілде) күндері, Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін антициклонның әсерінен, бұлттардың ашылуы және ауа температурасының жоғарылауы Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз 33…38 жылы, ал оңтүстік бөлігінің кей жерлерде күндіз 42 дейін ыстық болады деп күтіледі.
Содан кейін, кезекті циклон және онымен байланысты фронтальдық бөліктердің ықпалынан, қайтадан ауа-райы жағдайының бұзылуы күтілуде. Айдың ортасында Орталық Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығуы – ауа температурасың жоғарылауына себеп болады.
Екінші және үшінші онкүндіктің соңында, күн салқындап жаңбыр жауады.
Дереккөз: stan.kz