Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Путин оңбай ұтылды”. Сарапшы Қазақстанның Ресейден алыстап бара жатқанын дәлелдеп берді


Иә…

Еліміз егемендіктің ширек ғасырынан өтті. Маңызды жетістіктеріміз қатарында:

1. Саяси Егемен ел болдық. Отаршылдық кезең 1868 жылдан басталып 1991 жылдың желтоқсан айына дейін созылды. Аталған уақыт аралықта біз патшалық Ресейдің және КСРО-ның отары болдық.

Қазақстан әскери – саяси жағынан да тәуелсіз. Біз Ресеймен ОДКБ ұйымында болсақ та Ресейден тәуелсізбіз. Айталық, Ресей жүргізіп келе жатқан соғыстар мен әскери операцияларға қатыспаймыз: айталық, Шығыс Украинада, Сириядағы әскер операцияларына қатыспаймыз. ОДКБ бірқатар жиналыстарына Президент деңгейінде қатыспаймыз.

https://www.youtube.com/watch?v=PG8eYOVsvZc

2. Экономикалық егемендік екінші маңызды жетістік. Посткеңестік кеңістікте бірқатар мемлекеттер Ресейден саяси егемендігі болса да, экономикалық тәуелділікті сақтайды. Айталық, Армения, Белоруссия, Қырғызстан тағы бірқатар бұрыңғы отар республикалар Ресейден экономикалық көмек алады.

Қазақстан өз өзіне жеткілікті мемлекет, Ресейге ешбір экономикалық тәуелділігі жоқ, қарыздардан құтылғанбыз.

Евразиялық Одақ тек экономикалық одақ деп есептеледі. Бұл Одақтың шешімдері директивалық сипаты жоқ.

3. Қазақстан территориялық біртұтастығын және демографиялық тұтастығын сақтап келеді.

4. Қазақстан әлеуметтік жағынан да ешбір мемлекетке тәуелді емес. Біз Ресейден ақшалай бюджеттік трансферт – көмек алмаймыз. Еліміздің саяси, әскери – саяси, экономикалық және әлеуметтік егемендігі, территориялық біртұтастығын сақтап келеді.

Бұл жетістіктер

Алғашқы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегінің нәтижесі екені белгілі.

 Бірақ…

Біз Ресейден тіл саясатында, ақпарат саясатында, рухани тәуелділігіміз бар екенін баяндаймын. Нұрекең өзі қазақшыл азамат, бірақ мемлекеттік тілдің қағажау қалғаны айқын:

орыс тілі – ресми тіл статусында, бірақ орыс тілі Қазақстанда мемлекеттік тіл статусына ие. Мемлекеттік тілден жоғары болмаса да, оның реалдық статусы мен құзыреті мемлекеттік тіл құзыретінен жоғары тұр демекпін.

Бұл өкінішті және заңға қайшылық жағдай. Айталық, Қазақстанда орысша білмейтін министр, немесе облыстық, тіпті, аудандық әкім де жоқ. Ал қазақша білмейтін немесе мемлекеттік тілге шала алты қазақ министр соңғы кезде тағайындалыпты.

https://kaz.365info.kz/putin-khazakhkha-tiispe-khargysyna-khalasyn-kokzhal-khazakh-resejge-talap-khojdy-249107

Сол сияқты көптеген қазақша білмейтін, қазақша сөйлемейтін әкім бар екені белгілі. Қазақстан жұртшылығы Ресей теледидарының ықпалында, Қазақстандық теледидар мен басқа ақпаратта орыс тілі басымгерлігі байқалады.Ал қазақ жұртшылығы 71%, ал орыс жұртшылығы бар болғаны тек 19%-тен төмен. Осыған байланысты біздің бірқатар нақты ұсынысымыз бар.

 

Дат, тақсыр! 

Өз тарапымнан төмендегідей шараларды ұсынамын:

1) Орыс тілді қазақ жұртшылығының (субэтнос) пайда болуын болдырмау, бұл субэтнос қазақ халқын ыдыратуға әкелуі ықтимал;

2) Қазақ бүгінгі таңда 71 пайыз, ал орыс 19 пайыз тен кем болғандықтан, ҚР Іс қағаздарын сол пайыздық қатынастарда мемлекеттік тілде жүгізілуі керек , мемлекеттік тілде іс құжаттарын жүргізетін аудандар тізімін демографиялық құрамға сәйкес көбейту; 

3) Үш тұғырлы тілдік бағдарламаны мектептен алып тастау.(Алтынбек Халидуллин ұсынысы: Қазақ елінде ұлтына қарамай міндетті түрде барлық балалар бақшалары мен бастаушыш сыныптарды тек қазақ тілінде жүргізу керек);

4) Мемлекеттік тілге шорқақ, немесе қазақ тілінде сөйлемейтін қазақ шенеуніктерді ротациялау, орнына қазақшасы бар орыс, украин, неміс тектестерді қою.

ҚР Саяси доктринасы керек.

5) Экономика классикалық нарыққа негізделу керек, оңшыл либералдық жүйе тиімді болар;

6) Құқықтық саяси реформаның келесі қадамы – облыстық маслихаттырдың құзырын көтеріп , барлық облыстық шенеуніктерді және әкімді маслихат тарапынан пәрменді қадағалауға қою;

Ұлттық саясат интеграциялық және ассимиляциялық (прогрессивті үрдіс) мақсаттарға негізделу керек.

Түп мақсат – қазақ тілі мен құндылықтарына негізделген мемлекетке айналу.

https://kaz.365info.kz/nomo-sovetikus-degen-kim-tanymal-zhurnalist-putinnin-khypiya-zhosparyn-ashkere-etti-252197

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз