Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа бейнебаяны қыздардың жүрегіне төтесінен жол тартып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Қазір кімнің қолында телефон, әлеуметтік желіде парақшасы жоқ дейсіз, қай адам байланыста емес дейсіз? Әсіресе, ғашығыңның үнін есту деген қандай бақыт екенін түсіндіріп жатудың қажеті жоқ шығар.
Міне, осындай сезімдердің қылын шертетін Әбдіжаппар Әлқожаның “Байланыстағы қыз” атты жаңа бейнебаяны бүгінгі адамның трендтегі дүниелеріне сай келе кеткен секілді.
Әлеуметтік желі талқысында клиптегі жігіттің образы қыздарға қатты ұнап қалыпты. „Жүрегінен шынымен де от шықты„ деп әзілдеп жазып жатыр қыздар.