Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов тағайындалды.
Бұған дейін БҚО әкімі аппаратының баспасөз-хатшысы қызметін атқарған Ж.Жұмаділов жаңа қызметінде ақпараттық саясат бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.kz.
Саяси ғылымдар магистрі әр жылдары республикалық газеттерде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. «Қазақстан» телерадио корпорациясында шеф-редакторлық және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызметтер атқарған.