Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Тағы да!!!”. 4 сағатқа созылған Димаштың жанды дауыстағы концертінен елдің кеткісі келмеді (фото, видео)

299

Концертте отандастарынан бөлек, Қытай, Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа елдерінен келген арнайы қонақтар мен Димаштың жанкүйерлері болды. Бірақ оларға біраз күтуге тура келді. Өйткені өз әнімен шашу шашқан Қазақстан әншілері 2 сағат өнер көрсетті. Олардың ішінде КешYou, Бастау дуэті, жас домбырашылар, VOX ACAPELLA және “Алло” топтары болды.

Димаш ең бірінші “Туған Ел” әнін орындап, толассыз қошеметке бөленді.

Өйткені рок стиліндегі патриоттық ән сахналық қойылыммен көмкеріліп, елді ерекше әсерге бөлеп, мұндағы бүркіт образындағы басты қаһарман – Димаш көрермендерді бірден өзіне баурап алды.

Көрермендердің барлық қалауы ескерілді

Қазақ елінің символы – алтындай жарқыраған қыран бүркіт сахна артындағы экранда қанатын кеңге жайып, төбеден төніп, қазақтарды рухтандырып, делебесін қоздырды. Алтын киімдегі қыздар қолындағы лентамен түрлі қимыл жасап, мың бұралып биледі. Сахна ортасында орнатылған субұрқақтан су атқылағанда айналаның барлығы ертегідей күйге енді.

https://kaz.365info.kz/dimash-sen-bilesin-be-korermender-tysindire-almagan-khybylystyn-khypiyasy-ashyldy-foto-268000

Төбеден шеңберге жайғасқан акробат қыз қалықтап, Димаштың романтикалық әндеріне сән берді.

Ал сахнаның екі шетіне орнатылған екі үлкен экран концерт бойына Димашты көрсетіп тұрды.

Сондықтан үлкен стадионның артқы жағына орналасқан көрермендер оны көрмей қаламыз деп уайымдаған жоқ. Ал сахнаға қарама-қарсы бетте тағы бір LED-экран орнатылды. Онда Димаш орындаған әндердің мәтіні көрсетіліп жатты, яғни әнді әншімен бірге шырқағысы келгендер үшін бұл өте қолайлы нәрсе болды. Осы жағынан алғанда, концертте көрермендердің барлық қалауы ескерілген.

Димаш ән орындап қана қоймай, би билеп, тіпті көкте самғады. Поп музыка патшасы – Майкл Джексонның Billie Jean әніне кавер жасаған Димаш Джексонның атақты „айкезбе жүрісінде„ би биледі.

Бұл- Димаштың, қазақтың тойы болды

Ал халық әні – “Дайдидау” әні алдында сахнаға 100 күйші шығып, “Адайды” орындағанда делебесі қозбаған қазақ қалмаған шығар, сірә. Бұдан бөлек

“Еркелетейін”, “Қазақстаным”, “Көркемiм” әндері кезінде де домбыра үні Астана-Арена әуесінде қалықтап, қазақтың елінде үлкен бір той болып жатқанын білдіріп, дүркіретіп жатты.

“Махаббат бер маған, Тағдыр” әні орындалар алдында мұқым жарық сөндіріліп, стадионды қара көлеңке басты. Димаштың қоңыр әуезді дауысы естілгенде жанкүйерлер жаппай телефондарының шамын жағып, тербеле бастады. Айнала теңіз бетіне түскен жұлдыздар бейнесінің толқындармен тулап жатқандай күйге айналып, сиқырлы әлем әуезді әнмен көрермендерді керемет әсерге бөледі.

«Гүлдей», гүлдей» әнін орындаған кезде Димаш тыңдармандарды гүлдердің астына көмкерді.

https://kaz.365info.kz/khazakhtar-orys-emes-pe-dimashty-algash-korgen-karis-zhigiti-tan-khaldy-video-268435

Алдында хабарланғандай, дуэт орындау да болды.

Димаш опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге „Аққу„ әнін орындады. Екеуі де қара киімде болып, қара аққудың рөлін сомдады. Ал, одан кейін ресейлік әнші Алла Пугачеваның қызы – Кристиной Орбакайтемен “Опять метель” әнін шырқады.

Концертке арнайы шақырылған қонақ әншілердің бірі – Евровидение-2012 жеңімпазы Лорин (Швеция) қазіргі танымал ән – Euphoria әнін шырқады. Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор Heartbreak make me a dancer, Кристина Орбакайте “Перелетная птица” әнін әуелетті. Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин де көрермендерді өз өнерімен қуантты.

Жалпы, сахнада Димаш 2,5 сағат бойына өнер көрсетті.

Жанды дауыста ән салған ол концерттің соңында өзінің шаршап қалғанын да мойындады. „Әуеде жүргенде өкпеме көп ауа жинап қойған секілдімін„ – деді ағынан жарылған Димаш.

Бірақ оған көп мән бермеді, керісінше ұмтылмас әрі қайталанбас әсерге бөлеген Димашқа барлығы шексіз разы болды.

https://kaz.365info.kz/kozdin-kharashygyndaj-sakhtanyzdar-singer-zhobasyndagy-basekelesi-dimash-turaly-oz-ojyn-ajtty-video-266228

Айта кетелік, кеше «Астана Арена» стадионында өткен концертке халық еш кедергісіз жету үшін екі көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз