Бұл видео үш жыл бұрын түсірілгені анықталды. Ролик авторлары оны қандай мақсатпен Ғаламторға жариялағаны түсініксіз. Бұл жағдайды анықтаумен қазір полицейлер айналысып жатыр. “Бұл видео біздің кафеде 2014 жылы түсіріліпті. Бірақ мұны жақында ғана білдік. Әрине олардың істегені әдепсіздік, айтуға сөз жетпейді, бізде мұндайға рұқсат жоқ. Дәретханаға камера қойылмайтындықтан мұның жолын кесе алмадық. Бұл қонақтар өздерін орынды ұстаған болатын, еш күдік тумады. Қазір біз полицияға арыздандық, оларды және роликті таратқандарды жазалау керек”, – дейді кафенің қоғаммен байланыс директорының орынбасары Руслан Кузьков. Кафенің Instagram желісіндегі ресми парақшасында роликтегі адамдар Павлодардың және Қазақстанның өзге қалаларындағы кафелерде мұндай істі бірнеше рет істегені жазылған. Бұл ролкитегілер мұның алдында Екібастұз әкімдігі алдында жыныстық қатынасқа түскені үшін айыппұл төлеген болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=4G7z28_-xyc