Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы үкімге қол қойды.
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 30-маусымда сағат 10.00 уақытында Астана қаласында шақырылсын», – делінген үкім мәтінінде.