Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Парижде Шоқаймен кездескен”. Әміре Қашаубаевтың тағдыры қалай аяқталды?

899

Оның даусы

Ақыры, Әміре Париж сахнасына көтерілгенде, өзіне таңғала қараған мыңдаған адамның назарын байқады. Себебі басқала­р сияқты онымен бірге шыққан оркестр, хор да болмады, оның орнына екі шекті домбырасын ал­ды.

«Әміренің даусы күннің күр­кірегеніндей, кейде аспанды жер­ге түсіріп, дүрілдеп, кейде баяу соқ­қан желмен қозғалған бида­йық­тың шашағындай сусылдап, сыбырлап кетеді»

делінген  Мәс­кеуде болған бүкілодақтық кеңес­­тер құрылтайында шыққан аталған концерт жөнінде жазылған мақаланың бі­рінде. «Балқадиша», «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз ар­ша», «Қос балапан» сияқты әндер­ді орындап, Еуропаны мойындатып, екінші жүлдемен марапат­талады.

Қызыл империя

Қазақ халқының әншілік өнері­нің шырқау шыңы, ерекше дарын иесі Әміренің тағдыры өкініш­пен аяқталды. Оған себеп – кеңестік жүйенің таққан жалған айы­бы. Парижде эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқаймен кездесуі оның болашағына балта шапты.

Кеңес­тік делегация ішінде қазақтың бар екендігін білген Мұстафа Шоқай қо­нақүйге келіп, Әміремен кездесіп, әңгімелесті. Әміренің қолы бос ке­зінде оған Парижді көрсетті. ОГПУ қызметкерлеріне осының өзі жеткілікті еді…

Франциядан қуа­ныш­пен оралған Ә.Қашаубайұлы­на «М. Шоқайдың сыбайласы» деген айып тағылып, одан күн сайын жауап алып, соққыға жықты. Оның әріп­тестері мен достары Әміренің өмірінің соңғы он жылы азаппен өткенді­гін еске алады. Ашылып ешкімге тіс жармаса да, үнемі кө­ңіл күйі болмай, бет-аузынан соқ­қы­ның орындары анық байқалған.  

1934 жылы 6-қарашада Алматы көшелерінің бірінде Әміренің өлі денесі табылды. Бір күннен кейін 7-қарашада Қазан төңкерісінің құр­­метіне болғалы жатқан Е.Бру­си­ловскийдің «Қыз Жібек» опера­сы­ның премьерасында басты рөл­­­дің бірін орындау туралы арма­ны жүзеге аспады. Әміренің қазасы  құпия  болып  қалды.

Ол…

Әміре Қашаубайұлы 1888 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қайнар ауылында кедей отбасында дүниеге келді. Әке­сі Қашаубай, анасы Тойған да ән­шілік өнерден қалыс қалмаған. Әмі­ренің балалық шағы ауыл ба­йының малын бағумен өтті. Қолы босағанда, ән айтып, даусын шың­дайтын. Әнші бала туралы ауыл-ауылдан естіп, кейін ол той-жиын­ның ортасынан табылды. Әкесі Семей қаласына көшу туралы ше­шім қабылдап, Әміренің өмірінде жаңа кезең басталды.

Қала өмірі оның жан-жақты дамуына, саяси көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті. Семейде ашылған «Ес-Аймақ» атты қазақ жастарының ұйымына мүше болды. Осы кезде Әміреге кәсіби әнші болу туралы ой келсе керек. 1924 жылы әнші­лер арасында ұйымдастырыл­ған байқауға қатысып, жеңімпаз атанды. Оның ән­шілік өнері бүкіл Қазақ­станға кеңінен жайылып, Одақ, одан ЭКСПО-ға дейін жетті.

Міне, арада тура 92 жыл өткенде, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі төрткіл дүниенің назарын өзіне аударды.

Бұл жолы көрме төрінде қазірдің өзінде талайды мойындатып үлгерген Димаш Құдайбергеновтей дарабоз талант ән салатын болады.   

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз