Несиесін төлей алмай қатты қиналған алматылық әйел бүйрегін саудаға шығарды, деп жазады NUR.KZ.
32 жастағы Әлия есімді әйел үш баланы жалғыз өсіріп отыр, ең кенже баласы 1 жас 7 айда екен. Баланы балабақша алмайды, әйелдің өзі жұмыс таппай сенделіп жүр екен.
Қиналғаны соншалық, енді өзінің ішкі мүшелерін сатудан басқа амалы қалмапты.
Күйеуі бөлек тұрады, екеуі ажырасқалы жүр екен. Өйткені әлгі кредитті де өміріне жауапсыз қарайтын күйеуінің кесірінен алыпты. Әрі бір емес, бірнеше кредиті бар.