Орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы күзге жоспарланған Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегі оның кәсіби бокстағы соңғы бәсекесі болуы мүмкін екендігін айтты.
«Мен осы жекпе-жектен кейін кәсіби спорттан кететін шығармын. Бәлкім, кетпеймін. Мен өз бабымдамын және өзімді 25 жастағыдай сезінемін. Алайда бұл футбол емес, бокс. Бокс ойын емес, жан беретін бәсеке. Бәсекенің қай-қайсы болмасын өзінше ауыр», – деді Головкин.
Дереккөз: Stan.kz