Кейінгі кездері ғаламтордағы әлеуметтік желілерде менің атымнан парақша ашып алушылар тым көбейіп кетіпті. Маған тілектес, ниеттес адамдар санаған екен, олардың жалпы саны 56-ға жетіпті.
Тіпті билік басында жүрген кейбіреулердің шетелдерде қанша үйі бар екенін де менің атымнан жіберіпті. Сөздің ашығына келсек, менің бір де бір парақшам жоқ. Ғаламтор арқылы біреуге бір ауыз сөз жазып көрген адам емеспін. Ғаламторды меңгеруге енді ғана кіріскелі отырмын.
Мұхтар ШАХАНОВ, Қазақстанның халық жазушысы, «Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері