Бір күнде ЭКСПО-ның барлық көрмесін көріп шығу мүмкін емес. Сондықтан, сіздердің алдарыңызға туристер ең ерекше деп атаған 5 павильонды ұсынып отырмыз.
Германиядағы жұлдызды портал
Германия мемлекетінің екінші көрмесі айнамен қоршалған. Бөлме қараңғы және айналарға кішкене жұлдыздар жапсырылған. “Ғарышта жүрген секілді сезінесің”, – дейді көрмені қызықтаған адамдар.
Дөңгелек үстел ортасында кенеттен жұлдыздар айнала бастап, жарқыраған қолдар шыға келеді. Сосын, жарылыс! Осылайша жаңа ғаламшар туады. Шоу, расымен, керемет әсер сыйлайды.
Израильдегі тылсым құбылыс
Жүздеген шамнан құралған бөлме-таңғажайып. Тіпті, біздің артымыздан келген бір топ турист таң қалғаннан іштеріне демін тартып, біраз тұрып қалды.
Монакодағы билейтін қарлығаштар
Монакодағы өте әдемі механикаландырған шоу билейтін айналар арқылы теңіз атбалақтары, балықтардың әр түрлерін, тіпті қарлығаштарды көрсетеді, теңіздің тереңіне жүзіп шыққандай әсер қалдырады. Су астындағы әлем кенеттен жоқ болып, Монакодағы теңіз жағалауы көрсетіледі.
Австриядағы сүйкімді механизмдер
Австрия павильонында отбасылық керемет суреттердің жасалары сөзсіз. Себебі, түрлі түсті механизмдер көздің жауын аларлықтай әдемі. Оларды тіптен өзің қолданып, қозғалтуыңа да болады.
Энергия холлындағы сәулелі шоу мен шар-роботтар
Бұл механизмдер әр туристі таң қалдырары сөзсіз. Себебі, геометриялық дәлме-дәл есеппен құрылған күміс шарлар ғаламшар энергиясын бейнелей қозғалады. Геометриялық шоу арнайы дыбыс шуымен қосылғанда тіптен керемет