Осло қаласында ұзындыққа секіру сынына қатысқан нигериялық бойжеткен бүкіл әлемге танымал болды.
Гауһар лигасы жарысына қатысқан Нигерия спортшысы – Блессинг Окагбаре өз көрсеткішімен емес, жеке басының қылығымен күтпеген жерден ел назарына ілікті.
“Әйел қандай жағдайда болсын, әйел болып қала береді” деген рас екен. Ол өзінің сыртқы бітіміне баса назар аударып, жарысқа әбден сыланып-сипанып шыққан. Алғашқы секіру кезінде-ақ оның басындағы жасанды шаш ұшып кетеді.
Бірақ ол спортшы емес пе, еш саспастан жерде жатқан шашты қайта басына киіп алып, жарысты жалғастыра береді.