Алматыда жол-көлік оқиғасынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиеваға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
https://kaz.365info.kz/al-farabidegi-zhol-apaty-saldarynan-khyzdyn-ayagy-zhylynyp-ketti-267278
Дәрігерлер қазіргі уақытта интенсив терапия жасалып жатқанын айтады. Барлық сала бойынша маман консилиумға қатысып жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша,
Екатеринаның жағдайы бірте-бірте жақсарады.
“Науқастарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын назарларыңызға алуыңызды сұраймыз. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекші мамандар жұмылған. Олар барлық қажет болған препараттармен қамтамасыз етілген. Науқастардың жағдайы түзеледі деген үмітіміз бар, одан кейін реабилитация жүргізіледі”, – деді басқармадағылар.
Еске сала кетейік, кеше Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Алдында хабарланғандай, зардап шегуші қыз емес, бір баласы бар келіншек екен.