Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Жезқазғанда құлаған зымыран бөлігі кесірінен бір адам қаза тапты (видео)

212

Иманқұловтың айтуынша, 14-маусымда сағат 18.04-те Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апат-құтқару қызметіне Жезқазғаннан оңтүстік-батыс бағытқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Талап ауылының сыртында дала өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өртке себеп – “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшқан “Союз-2.1а” зымыран тасығышының “Прогресс МС-06” ғарыш кемесінің ажыратылатын бөлігінің құлауы.

“Оқиға орнында (РФ “Машиностроение” ғылыми өндірістік бірлестігі” әскери өндірістік корпорациясы АҚ №1 Базасының) ресейлік құтқару қызметтің 5 дана техникасы жұмыс істеп жатыр, тағы 3 дана техника тартылады, қосымша көмек қажет емес”, – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде екі адам зардап шеккен, біреуі көз жұмса, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

“Талап ауылынан 16 шақырым жерде Жезқазған – Қызылорда тасжолының оңтүстігінде 15 шақырымға созылған жердің өртеніп жатқаны анықталды, тасжолдың бойында қою түтін шықты, өрттің аумағы белгісіз болды, оңтүстік-батыстан соққан желдің өті секундына 15-20 метрге жеткен. Кейін жоспарлы түрде сөндіру бойынша шаралар қабылданды.

Өрттің салдарынан зымыран тасығыштарының бөліктерін жинастырып жүрген 1964 жылғы азамат күйік шалып, қаза тапты, тағы бір 1968 жылғы азамат ауруханаға жеткізілген.

Өртті сөндіруге 61 адам және техниканың 22 данасы жұмылдырылған. Осылайша өрт 03.31-де сөндірілген. Мессенджерлерде зымыран тасығыштың ажыратылған бөлігінде гептил бар деген мәлімет расталмады”, – деді Руслан Иманқұлов.

https://www.youtube.com/watch?v=elmIn4oEoos

https://www.youtube.com/watch?v=UPt2lxYiINM

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз