Басқа ұлт өкілі міңгірлеп сөйлеп тұрса күлмейміз, оны қоя берші, өз қазағымыз қазақша сөйлей алмаса күлмек түгілі, түсіністікпен қараймыз, қазақша тəрбие алмаған деп.Сондай аш халықпыз, тек өзімізді өзіміз жеуге дайын.
Осы кейде таң қаламын, қалай сондай іші тар екенімізге.Шет елдер несімен озады, олардың арасында мықты бірі шықса беделін аспандатып, одан асқан жан жоқ екен деп қаласың.Содан да бəрімізге шет елдік актерлар, əншілер, бишілер, т.б. оларға ешкім жетпейтіндей боп тұрады.
https://kaz.365info.kz/kyjeuimnen-1-zhas-ylkenmin-khajrat-nyrtastyn-ajeli-bar-shyndykhty-ajtty-262554
Бауырлар-ай Қайрат барынша білгенінше жауап берді ғой. Ана тілі қазақ тілі болса, неге ол масқарасы шығу керек. Айтыңыздаршы сіздер сияқты Ресей халқы орысша білмейді екен деп, келеке мазақ етті ме?
Қуанбайсыздар ма беделі мол, асқақтап тұрған Премия Музтвға барғанына. Өте қуандым, бұл өзіміздің қазақтан шыққан жігіт қой. Музтвға алғысым шексіз рахмет. Нагиевке де құрмет, ерінбей сұрағын қайталап қойғанына. Ал Қайрат жарайсың, туымызды биік көтере бер.
Асхат Ассанди
Мақала ВК-дағы Атамның басы-ай тобында қызу талқыланып жатыр
https://www.youtube.com/watch?v=0hUKJqvdFKE