АҚШ-тың бас прокуроры мен әділет министрі Джефф Сешнз 13 маусымда сенаттың барлау жөніндегі комитет мүшелерінің 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің араласуы мүмкіндігі жөніндегі сұрақтарына жауап береді.
Сешнз комитетке жазған хатында FBI-дің бұрынғы директоры Джеймс Комидің берген куәліктеріне қатысты жауап бергісі келетінін айтқан. Коми берген жауабында Сешнздің 2016 жылы Ресей елшісі Сергей Кисляковпен кездескенін, оған онша сеніңкіремейтінін айтқан.
Сешнздің орынбасары Род Розенстайн Ресейге қатысты зерттеу жүргізуге арнайы прокурор Боб Мюллерді тағайындаған.