Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” телеарнасының директоры қызметінен босады.
Бұл ақпаратты “Қазақстан” ұлттық телеарна корпорациясының баспасөз менеджері Қарлыға Сәрсенова растады деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» телеарнасының директоры қызметінен босады. Оның орнына балаларға арналған теларна басшылығына Жанар Шамел келді», – деді ол.