Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
9
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Астанада ШЫҰ саммиті басталды

Айта кетейік, 8 маусымда ШЫҰ мүшелері ресми сапармен Қазақстанға келген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев олардың кейбіреулерімен жеке кездесіп үлгерді. Сол күні кешкі уақытта қонақтар “Астана Опера” театрына Шанхай ынтымақтастық ұйымының көшбасшылармен отырыс өткізуге арналған концертке шақырылды.

Бүгін Астанада іс-шараның ресми бөлімі басталып жатыр. Дәстүр бойынша ШЫҰ көшбасшыларымен өтетін отырыс алдында Нұрсұлтан Назарбаев өзі жеке қонақтарды күтіп алып, кейіннен олармен бірге суретке түседі. Ал сосын хаттама бойынша
Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы, сондай-ақ, құжаттарға қол қою рәсімі өтеді.
Осы кездесудің негізгі мақсаты – Үндістан мен Пәкістанның осы ұйымға кіруі. Олар Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық құқылы мүшесі болады.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жақында осы елдердің премьер-министрлерімен кездескен болатын. Қазақстан Президенті Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға кіру процесі осыдан 12 жыл бұрын басталғанын айтып өткен еді. ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының 17-ші Кеңесінде бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған. Мемлекет басшылары Астана декларациясына қол қояды, ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы іс-қимыл Конвенциясы қабылданады. Жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады. Келіссөздер кеңейтілген құрамда да, жеке құрамда да өтеді делінеді. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының ШЫҰ жағдайына баға беріп, міндеттерді бекітіп, ұйымның даму перспективаларын анықтайды. Ал кешке жақын саммиттің барлық қатысушысы EXPO-2017 халықаралық көрменің ашылу салтанатының қонақтары болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз