Белгілі тележурналист, жұлдызды кештердің сылқымы Динара Сәтжан Қазақстанға қонаққа келген атақты кино актер Джеки Чанмен вальс биледі.
Бұл туралы видео Youtube желісінде пайда болды.
Алдында Қытайға барған Динара Сәтжан онда балауыздан жасалған адамдар мүсіні мұражайында болып, Путинмен құшақтасқан суретін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған еді.
Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Астанаға Қазақстан-Қытай кинофестивалінің шымылдығын түру үшін келген еді. Бұл шара 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында өтеді. Кеше Джеки Чан арнайы баспасөзге сұқбат беріп, сахнаға шығып өлең айтты, Астана сахнасында Димаш екеуі қытайша әндерді қалықтатты. Одан соң осы орайда өнер жұлдыздарына арналған кеш ұйымдастырылып, барлық қонақ көңіл көтерді.
https://www.youtube.com/watch?v=Nh8x5bFsQO0