Мәліметтерге сәйкес, ең арзан билеттердің құны – 100-200 доллар. Бұл – бастапқы мәліметтер. Алдағы күндері билеттер ресми сатылымға шықпақ.
Кәсіби бокста көптен күткен жекпе-жек 16-қыркүйекте Лас-Вегастың «T-Mobile Arena» спорт кешенінде өтеді. Ғимаратқа 20 мыңнан астам адам сияды. Билеттер әлі сатылымға түспесе де, сайтқа қайта-қайта кіріп, билеттерді күтіп жүрген бокс жанкүйерлері көп.