Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

“Сәуегей емеспін, бірақ…”. Джеки Чан Димаштың болашағын болжады

243

Бүгін Қытай киносы күндері шарасына қатысу үшін Астанаға келген Джеки Чан өз батасын берген қазақ баласы – Димаштың болашағын болжап, өз ойын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

https://kaz.365info.kz/atakhty-akter-dzheki-chan-dimashty-khonakh-etti-foto-249165

“Бірде теледидарды қосып қалып, бір тамаша әншіні көрдім. Ол өзінің ерекше жоғары даусымен ән айтып жатты. Бүкіл жұртты және мені де таңғалдырды.

Сосын оның менің жанкүйерім екенін білдім. Онымен кездескеніме қатты қуандым. Димаш болашақта кинематография саласының үлкен жұлдызы атанады деп сенемін”, – деді актер Астанада қазақстандық БАҚ-тармен өткен кездесуінде.

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды. Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін арнайы келіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз