Әзербайжанның Энергетика министрі Натиг Әлиев жүрегі ұстап, ауруханаға түсті.
Науқастың хәлі ауыр, деп хабарлайды vesti.az.
Президент әкімшілігінің хабарлауынша, министр мұнайшылардың орталық ауруханасына жатқызылған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде. Оның жүрек-қан тамырларына стенд қойылған. Ары қарай емдеу үшін жергілікті және шетелдік дәрігерлер консилиум өткізуде.