2017 жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда мемлекеттік орта білім мекемелеріне бірінші сынып оқушыларын тіркеудің электронды жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тіркеудің электронды жүйесі баланы өз учаскесіндегі мектепке ғана емес, бос орын болған жағдайда басқа да мемлекеттік мектепке тіркеуге мүмкіндік береді.
Қай мектепте қанша бос орын бар екенін сайттан білуге болады.
Балаларды бірінші сыныпқа тіркеу маусымның 1-інен бастап тамыздың 30-ына дейін mektepalmaty.kz сайтында жүргізіледі.
Бұл қызмет тегін ұсынылады.