«Санта Барбара» сериялындағы танымал актер әрі режиссёр Лэйн Дэвис сұхбатында Тәжікстанға барып, оның халқымен танысқысы келетінін айтқан.
Оның сөздерінше, саяхаттағанды жақсы көреді және «Санта-Барбара» сериялын сүйіп көретін адамдармен сөйлескісі келеді.
«Маған өзге елдердің мәдениеті, дәстүрі, әдет-ғұрпы өте қызық… Мен сегіз постсоветтік елде болдым. Олардың ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Әзербайжан бар», – деді ол.
Актер «Санта-Барбара» фильміндегі өзі ойнаған кейіпкерді әлі күнге дейін жақсы көретінін атап өтті.