Қытай астанасы Бейжің қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлерге арналған «Тосын сыйға толы туған күн» атты ән кеші өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытай астанасы Бейжің қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлерге арналған «Тосын сыйға толы туған күн» атты ән кеші өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Димаштың туған күн кешіне жиналған жанкүйерлер жас таланттың әндерінен сусындап, оның доп тебудегі шеберлігіне тәнті болды.
Еске сала кетейік, Қытайдың «Singer-2017» ән бәсекесіне қатысып, әлемге танымал болған Димаш Құдайберген 24 мамыр күні 23 жасқа толды. Оған әлемнің жер-жеріндегі жанкүйерлерінен басқа, танымал америкалық актриса Ева Лонгория және франциялық әйгілі әнші Лара Фабиан сынды белгілі тұлғалар құттықтауларын жолдады.