Сенатор Жабал Ерғалиевтің айтуынша, осы айдың басында қабылданған жаңа заңның аясында жазушылардың қаламақысы көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“Әдебиет саласында жазушыларға жасалып отырған үлкен бір қамқорлық, бұрын мемлекеттік тапсырыс бойынша кітаптың тарылымы екі мың дана ғана болатын. Енді, кітаптың тиражы бес мыңға жететін болды. Сөз жоқ, осының нәтижесінде жазушыларға төленетін қаламақы да өседі. Бұл мәселеде Қазақстан Жазушылары одағының басшысы Нұрлан Оразалиннің үлкен еңбегін ерекше атап өту керек. Сенатор болған аз ғана уақыттың ішінде ол келген күннен бастап Мәжілісте болсын, Үкімет сағатында болсын, жазушылардың жағдайын, олардың қаламақы мәселесін айтумен болды. Осының нәтижесінде тиісті заң қабылданды. Біз соған шын жүректен қуанамыз”, – деді Ерғалиев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.