24 мамырда әлемдегі ең бірінші робот-полицей өз қызметіне кіріседі, – деп хабарлайды CNN.
REEM есімді құлтемірді испаниялық PAL Robotics компаниясы құрастырған. Оның бойы – 1,67 метр, басы, екі қолы және кеудесінде сенсор экраны бар. Робот-полицей дөңгелек арқылы қозғалады. Андроид тоғыз тілде сөйлесе алады және 80 пайызға адамның бет-әлпетін ажырата алады. Ол туристік жерлерде және сауда орталықтарында патрульдік қызмет атқарады, сұрақтарға жауап беріп, мәлімет беріп, айыппұлдарды қабылдай алады. Темір күзетші қол алысып, әскери сәлемдесе алады.
Дереккөз: Тengrinews.kz