ҚР Ұлттық бакні “Delta Bank” АҚ-ның жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашатын лицензиясын тоқтатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 78 қаулысымен 2017 жылғы 22 мамырдан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 15 маусымға дейін “Delta Bank” АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады”, – деді Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметінше, лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша “Delta Bank” АҚ жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 0,6 миллиард теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 115,7 миллиард теңгені құрайды. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,7 пайызын құрайды.