Талдықорғанда жоғалып кеткен екі жасар Анастасия Руденко өлі табылды.
Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев мәлім етті деп хабарлады Tengrinews.kz.
Осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен Анастасия Руденко өлі табылды. Қыздың денесін сүңгуірлер тапты.
“Балалар далада ойнап жүрді. Ұлым даладан кір аяқ-киіммен кіріп келді. Содан аяқ-киімін шештіріп, тазалай бастадым. Осы сәтте Настенька далада жүрді. Кейінірек мен оны шақыра бастадым. Бірақ ол көрінбеді. Настенька үй ауласында жақын жерде ойнап жүрген еді. Содан мен оны аулада іздей бастадым. Күйеуім жұмыстан келген соң бізбен іздестіре бастады. Нәтиже болмаған соң полицияға хабар бердік”, – деген еді анасы.