Алматыдағы атақты «Риксос» қонақ үйінің шатырынан бір адам құлап мерт болды. Оқыс оқиға кеше түске таяу болған, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Полицейлердің мәліметінше, 41 жастағы жұмысшы жөндеу жұмыстары кезінде желдің екпінімен құлап, ауыр жарақаттан оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Алайда қонақ үй басшылары бұл жағдайға Риксостың қатысы жоқ дейді. Өйткені биіктіктен құлаған жұмысшы осы ғимаратта орналасқан бизнес орталығында жүріп жан тапсырған екен.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін аталған қонақүйдің төбесінен ер адамның құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.