Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, инновациялық әлеуетті қалыптастырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекелестікті дамытудың және «көлеңкелі» экономиканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Егер Қазақстан мысалында осындай есептеулер жүргізсек, онда жыл сайынғы әлеуетті шығындар 3,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Елбасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасында» айтылған, деп хабарлайды BNews.kz.
Есептеулер кезінде ЖІӨ көрсеткіштерін және 2015 жылға доллардың теңгеге шаққандағы орташа жылдық бағамын қолдана отырып, экстраполяция әдісі қолданылды.
Сондықтан кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту мен сақтау үшін жағдай жасау болып табылады.
Сарапшылардың бағалауынша, жемқорлықтың 1 пайызға азаюы ЖІӨ-нің 1-1,5 пайызға артуына ықпал етеді, ал ЖТИ-дің (жемқорлықты түйсіну индексі) 2,4 баллға жақсаруы ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 0,5 пайызға арттыруға себеп болады.