ФИФА туриндік «Ювентустан» ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубына ауысқан футбол тарихындағы ең қымбат трансфер Поль Погбаға (суретте) қатысты тергеу жүргізуде. Бұл туралы ұйымдағы дереккөзге сілтеме жасап France Press агенттігі хабарлады.
Француздық жартылай қорғаушы Погба 2016 жылдың жазында 105,2 млн еуроға «Манчестер Юнайтедке» ауыстырылған болатын. ФИФА әзірге трансфердің қай тұсын зерттейтіні анық емес, деп жазды Лента.ру.
Ал Халықаралық спорт зерттеулері орталығының сарапшылары Неймарды 246,8 млн еуроға бағалауда. Олар құны бойынша екінші орынға «Барселонаның» форварды Лионель Мессиді қойып отыр- 170,5 млн. Погба қымбат ойыншылардың үштігін түйіндеді, ол 155,3 млн еуроға бағаланды.
Дереккөз: ҚазАқпарат