Астанада кеше көпқабатты үйден құлаған бойжеткен аса ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, қазір анестезиология және жансақтау бөлімінде жатыр.
“Өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған”, — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметіндегілер.
https://kaz.365info.kz/astanada-tagy-bir-khyz-kopkhabatty-yjden-khylady-260940
Бұрын хабарланғандай, әртүрлі деректерге сәйкес, бойжеткен Министрліктер үйіне қарама-қарсы орналасқан “Новый мир” тұрғын үй кешенінің 9-шы немесе 15-ші қабатынан құлаған.
Қазір Людмила есін жиыпты. Енді оған қан керек боп жатыр екен. Ол көп қан жоғалтқан. Бұл туралы оның досы әлеуметтік желіде жазыпты.