Үндістанда ішінен екінші бас қылтиған және үшінші қолы бар қыз бала дүниеге келіп, дәрігерлер отаны сәтті жасады, деп жазады The Sun газеті.
Хирургтер Джайпур қаласындағы клиникалардың бірінде төрт сағаттық операция жасапты. Олардың айтуынша, паразиттік екінші баста құлақ пен көз болмаған. “Екінші бас” қыз баланың өміріне қауіп келтірген.